"Ардагерге хат" акциясы

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында 5–8-сынып оқушылары «Ардагерге хат» атты акцияға қатысты.
Акцияның мақсаты – өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін, ел тарихына деген құрмет пен батырларға алғыс білдіру сезімін тәрбиелеу.
Оқушылар өз хаттарында ардагерлерге деген шынайы сезімдерін, олардың ерлігіне деген ризашылықтарын білдіре алды. Акцияға қатысу арқылы балалар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін тереңірек сезініп, бейбіт өмір үшін алғыс айтуға және өз отбасының, елінің тарихымен тығыз байланысын сезінуге мүмкіндік алды